back-image
"Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Р. Қошқарбаев атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

С Днем Учителя!

Дата: 2023-10-03 10:34:54

Ұстаз – деген ұлы есімді естігенде көз алдымызға жарқын мінезді, жүрегі мейірімге толы, жылы жүзді адам елестейтіні сөзсіз. Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі болып қала беретіні анық.Абеуова Бақыт Ералиевна бала кезіндегi арманын жүзеге асыру үшін 1972жылы Сарань қаласындағы Абай атындағы  педучилишесiне "Бастауыш сынып мұғалім" мамандығына оқуына түсiп, 1976жылы оқуды аяқтап, Нұра ауданы Балықтыкөл ауылына "Бастауыш сынып мұғалiмi" болып жұмысқа орналасқан. Бұл мектепте 24 жыл тер төгiп еңбегi сіңген мұғалім. 2003 жылы отбасы жағдайына байланысты Тассуат ауылына қоныс аударған. Осы жылы Индустриальный жалпы орта  мектебiне "технология" пәнiнiң мұғалімi болып жұмысқа орналасқан. Бұл мектепте 13 жыл еңбегi сiңген. 2013жылы осы мектептен еңбек демалысына шыққан. 37 жылын аямай балаларға бiлiм беруден жалықпаған мұғалім.

Новости