Ұстаз – деген ұлы есімді естігенде көз алдымызға жарқын мінезді, жүрегі мейірімге толы, жылы жүзді адам елестейтіні сөзсіз. Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі болып қала беретіні анық.Абеуова Бақыт Ералиевна бала кезіндегi арманын жүзеге асыру үшін 1972жылы Сарань қаласындағы Абай атындағы педучилишесiне "Бастауыш сынып мұғалім" мамандығына оқуына түсiп, 1976жылы оқуды аяқтап, Нұра ауданы Балықтыкөл ауылына "Бастауыш сынып мұғалiмi" болып жұмысқа орналасқан. Бұл мектепте 24 жыл тер төгiп еңбегi сіңген мұғалім. 2003 жылы отбасы жағдайына байланысты Тассуат ауылына қоныс аударған. Осы жылы Индустриальный жалпы орта мектебiне "технология" пәнiнiң мұғалімi болып жұмысқа орналасқан. Бұл мектепте 13 жыл еңбегi сiңген. 2013жылы осы мектептен еңбек демалысына шыққан. 37 жылын аямай балаларға бiлiм беруден жалықпаған мұғалім.