back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Заместитель директора по учебной работе

Дата: 2024-12-11 11:22:04
Заместитель директора по учебной работе

оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;

      мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;

      педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

      ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;

       білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді.

      қашықтықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады, барлық сыныптар үшін  Қашықтықтан оқытудың оқу бағдарламасын және сабақ кестесін түзетеді.

       пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.

      пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;

       білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылауды жүзеге асырады, оқу сабақтарының, курстардың және оқу жұмыс жоспарының вариативтік компонентінің сабақтарының кестесін жасайды;

      ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді және бақылау жасайды;

      тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;

      жыл сайын кітапхана қорын әдебиеттермен толықтыруға өтінім береді;

      оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, аспаптардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

      белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланысты ұсына отырып, педагогтердің сабақтарын талдайды;

      педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер            арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

    мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдау жасайды;

    мұғалімдерге педагогикалық жоспарлау мен құжаттаманы жүргізу жөнінде нұсқаулар береді;

   ОТҮ ресурстық қамтамасыз етуде ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады;

   мұғалімдер ауырған немесе жұмыста болмаған жағдайда сабақтарды ауыстыру жағын қамтамасыз етеді;

      оқу жоспары аясында жүзеге асырылатын бағдарламаларға аңдатпа беріп, сараптама жасауды ұйымдастырады;

      педагогтердің курстарда кәсіптік біліктіліктерін арттыруын қамтамасыз етеді;

      мұғалімдердің аттестациядан өтуін ұйымдастырады;

      мұғалімдерге күнтізбелік-тақырыптық кестелер мен жоспарлар әзірлеуде көмек беруді ұйымдастырады;

      білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды;

    білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады;

     «Электронды журнал» бойынша   жұмыс жоспарын бекітеді, әр тоқсан сайын жұмыс жоспарының орындалысын, баға қоюлуын бақылайды;

        Халықаралық PIZA, TIMSS, Таным бақылау тестеріне дайындық жұмыстарын ұйымдастырады;

     сырқаттанған оқушыларды үйде оқытуды ұйымдастырып, бақылап отырады;

     жаратылыстану бағытындағы цикл пәндерге курьерлік етеді;

      директордың ТЖ жөніндегі орынбасарымен бірлесіп арнайы педагогикалық ықпалды талап ететін ата-аналар және оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілуін ұйымдастырады;

    -бірыңғай орфография тәртібін сақтау жұмысын ұйымдастырады;

    - педагогтерге жалақы есептеп шығару үшін топтық жүктемелері есебінің табелін жүргізіп, оны бухгалтерияға ұсынады;

   - МОДО- ға даярлық және өткізуге байланысты барлық мәселелермен айналысады;

   - «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша түскен өтініштерді оқу процесінде (5 – 11 сыныптар үшін) жүзеге асыруға.

-оқу үрдісін ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

       

 Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

      педагогика және психология негіздері;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары, үлгілік оқу жоспарлары, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      менеджмент, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

      Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;

      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.

      Арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы мектеп-колледж, "балабақша-мектеп" арнайы кешені басшысының орынбасары (директоры) үшін:

      "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.

Новости