back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Калманова Гулнара Абилкасимовна

Дата: 2024-12-11 15:36:39

Педагог-сарапшы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Функционалдық міндеттері:

Жалпы нұсқаулар:

     1. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарын қызметке мектеп директоры тағайындайды, қызметінен босатады.

     2. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары тікелей мектеп директорына бағынады.

     3. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары «Бала құқығы» туралы Конвенцияны сақтайды.  Өз жұмысында ҚР Конституциясын және басқа да заңдылықтарын, мектептің Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, қауіпсіздік ережелерін, еңбек шарттарын басшылыққа алады.

     Білуге міндетті:Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша» және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын. 

      Лауазымдық міндеттері:

     Лауазымдық міндеттердің негізгі аясы мектепте білім берудің мазмұнын әзірлейді, оның ғылыми, бағдарламалық-әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етуді, педагогикалық ұжымның ОӘЖ-сын, оның біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін, мұғалімдер мен оқушылардың  эксперименттік және ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық етуді қамтиды:

  • мектептің даму бағдарламасын, оның тұжырымдамасын әзірлеуге қатысады және ұйымдастырады;
  • білім берудің мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, мектептегі білім беру жағдайын ғылыми талдаудың негізінде оған сәйкес ұйымдық құрылымдарын, жұмыс жүргізудің түрлерін қарастырады;
  • педагогтерге ғылыми-зерттеу және эксперименттік жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеуде, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын даярлау мен түзетуді жәрдем береді;
  • әдістемелік тақырып пен педагогтер таңдаған жеке тақырыптар бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
  • білім беру мазмұнын дамыту мен жетілдірудің өзекті мәселелері бойынша тұрақты және уақытша шығармашылық топтар жұмысын жоспарлап, ұйымдастырады;
  • ғылыми-педагогикалық мекемелермен, орталықтармен байланыс орнатады;
  • педагогтер мен оқушылардың ғылыми қоғамын ұйымдастырып, оның қызметін бақылап отыру жұмысына жауап береді;
  • мектеп оқушыларының ғылыми жарыстарға қатысуына өтініштер даярлайды және оған қатысуды қамтамасыз етеді;
  • мектеп педагогикалық ұжымын әдістемелік оқытуды жүзеге асырады (оқушылар аттетаттауын талдау, педагогтердің кәсіби шеберлік деңгейін зерделеу және басқалар негізінде әдістемелік және психологиялық-педагогикалық оқулар ұйымдастырып, өткізу);
  • семинарлар, тренгтер мен  тамыз конференциясын ұйымдастырып, өткізумен айналысады;
  • тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар үрдісі мен нәтижелерін бақылап отырады, оларды талдап, жүйеге келтіреді, білім беру үрдісіндегі әр түрлі субьектілерге ұсынымдар қалыптастырады;
  • директордың  ТЖ жөніндегі басқа да орынбасарларымен бірлесіп озық педагогикалық және басқару тәжірибелерін талдау, бағалау, жинақтау мен тарату істерін жүзеге асырады;
  • оқу-тәрбие үрдісін (бұдан әрі-ОТҮ) болжамдау мен мониторинг жүргізу жұмыстарын үйлестіреді;
  • дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша бағдарламалар, әдістемелік – нұсқаулық құжаттар әзірлейді. Дарынды балаларды дамыту бойынша және іріктеу бойынша іс шараларды ұйымдастырады.
  • ОТҮ-ні ғылыми - әдістемелік қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады;
  • педагогтер мен ОТҮ оқу-тәрбие қызметін болжамдау мен талдау жұмысын ұйымдастырады;
  • мұғалімдердің сабақтарына қатысып, талдау жасайды (жылына кем дегенде 61 сабақ)
  • педагогтер мен оқушылардың шығармашылық-танымдық қызметін ұйымдастырады, танымдық шығармашылық және дамытушы байқаулар өткізеді;
  • мектепте 8-11 сыныптар оқушылары арасында пән олимпиадаларға,                      марафондарға, байқауларға, КҒА  қатысуын қамтамасыз етумен айналысады;
  • кітапханамен және мектеп директорының орынбасарларымен бірлесе отырып, ғылыми-әдістемелік материалдар, әзірлемелер, мерзімдік баспасөзден, кәсіптік әдебиеттен жарияланымдар базасын жинайды;
  • кітапханашымен бірлесіп оқушылар мен мұғалімдерге қызмет көрсетудің жоспарын әзірлейді;
  • оқу-әдістемелік материалдарын жариялауға даярлықты ұйымдастырады;
  • гуманитарлық  циклі әдістемелік бірлестігінің қызметіне курьерлік етеді;

-семинарлар, тренгтер мен конференциялар, конкурстар ұйымдастырып, өткізумен айналысады.

       - ҰБТ-ға және ОЖСБ - ға даярлық және өткізуге байланысты барлық мәселелермен айналысады;

- тілдерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындау   жөніндегі педагогикалық кеңесті, әдістемелік кеңестерді, семинарлар мен практикумдарды даярлау және өткізумен айналысады.

Новости