Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Педагог - эксперт.
Функционалдық міндеттері:
Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының жұмыстарын ұйымдастырады;
"Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етеді;
педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
сынып жетекшілерінің біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастырады;
сынып және жалпы мектеп ата-аналары комитетінің жұмысын үйлестіреді;
балалар мен ата-аналар қызығушылықтарын, қажеттіліктерін зерделеу жұмыстарын (педагогтермен, ата-аналармен және қосымша білім беретін мамандармен бірге) ұйымдастырады және олардың табысты іске асырылуы үшін жағдай жасайды;
мұғалімдер мен сынып жетекшілері өткізетін сыныптан тыс іс-шараларға қатысып, талдайды
кезекші әкімшіліктің міндеттерін атқарады, педагогтардың мектеп бойынша кезекшілігін басқарады;
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдап, тіркейді;
тәрбие мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибелерді айқындап, талдайды және таратады;
Мерекелік іс – шаралар (Білім күні, Ұстаздар күні, Күзгі бал, Жаңа жыл, 8 наурыз, Наурыз мерекесі, 1 мамыр, Соңғы қоңырау, мектеп бітірушілер кеші).
Оқушыларға арналған мектепішілік іс шаралар («Жұлдызды сәт», «Екі жұлдыз», КВН, Қозы Көрпеш Баян сұлу күні, Би күні т.с.с ).
Қыздар ұйымының жұмысы (Қалалық «Приозерск аруы» байқауына қатысу)
Өзін – өзі басқару ұйымының жұмысы
Сынып жетекшілер әдістемелік кеңесі (ашық тәрбие сағаттары, іс құжаттары, оқушылар портфолиосы)
Жас жол инспекторларының жасағы
1 маусым (Балалар қорғау күні).
оқушылардың жеке қажеттіліктері есепке алына, оның жан-жақты тұлғалық дамуына мүмкіндікті қамтамасыз ете отырып, сабақтан тыс қызметінің кестесін жасауды үйлестіреді, олардың қатысуына бақылау жүргізеді;
педагогикалық ұжымның ата-аналар жұртшылығымен жұмысын ұйымдастырады және сайланбалы ата-аналар органдарымен өзара байланыста іс-әрекет жасайды;
директордың ОТЖ жөніндегі орынбасарымен бірге пәндер бойынша сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырады;
балалардың танымдық-бос уақытта демалу, шығармашылық, спорттық-туристік, техникалық қызметтерін ұйымдастырумен айналысатын ұжымдық органга басшылық етеді;
оқушылардың тұлғалық өсуіне, олардың таланттары, ақыл-ой мен дене қабілеттерін зерделейді;
жалпы мектеп көрмелерін, сынақтарын, байқауларын, демалыс кештерін, жалпы мектептік мерекелерді ұйымдастырады;
каникулда оқушылар демалысының мазмұнды болуын ойластырады;
мектеп бойынша сыныптар жетекшілігін ұйымдастырады;
балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу бағдарламаларын әзірлеумен айналысады;
білім алушылар тыныс тіршілігін қамтамасыз етуде сынып жетекшілерінің өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындауын қамтамасыз етеді, еңбекті қорғаудың нормалары мен ережелеріне қатаң сәйкестікте еркін қоғамдық пайдалы еңбек ТЖ ұйымдастырады;
жыл бойындағы тәрбие жұмысына талдау жасайды;
кезекші әкімшілік міндеттерін атқарады.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
педагогика және психология негіздері;
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
педагогикалық этиканың нормалары;
экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы