back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №17"
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №17"
Вакансия
11-08-2023 13:19
Вакансия
Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «№17 ЖББМ» КММ  2023-2024 оқу жылына бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды. Конкурс 2023 жылғы 22 тамызда өтеді.
Конкурс  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021 ж. № 568 бұйрығымен енгізілген өзгерістер)  талаптарына сәйкес жүргізіледі.
 Бос орындар туралы  хабарландыру «Enbek.kz» сайтында және мектептің  Instagram парақшасында жарияланады.
Конкурсқа құжаттар қабылдау 07.08.2023 ж- 21.08.2023 ж. аралығында жүргізіледі.
Мекенжайы: Теміртау қаласы, 8 ықшамаудан, 98 А. Телефон: 41-17-94
Эл.пошта: temr-osh17@mail.kz
Конкурстың өтетін уақыты: 22.08.2023 ж.
2023-2024 оқу жылына бос орындар:
Информатика мұғалімі             – 2 жүктеме уақытша декреттік демалыстың орнына
Орыс тілі мұғалімі о/б              – 1 жүктеме
Тарих мұғалімі о/б                     -1 жүктеме
Математика мұғалімі о/б         – 1 жүктеме
Биология  о/б                             - 1 жүктеме
Психолог о/б                              - 1 жүктеме
Музыка мұғалімі қ/б және о/б   - 1 жүктеме
Еңбек мұғалімі о/б                      - 1 жүктеме
Профориентатор                         - 1 жүктеме
Аудармашы                                 - 1 жүктеме
Логопед қ/б                                 - 1 жүктеме
Дефектолог    - 0,5 жүктеме
 
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
Новости