Қарағанды облысы білім басқармасының
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ
2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың 6 қаңтарында өтеді.
Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021 № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына жарияланады.
Конкурсқа құжаттарды қабылдау 27.12.2022 - 05.01.2023 ж. дейін жүргізіледі.
Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91. Тел. 955407
Конкурстың өтетін уақыты: 06.01. 2023 жыл
2022-2023 оқу жылына төмендегі бос орындар бар:
- Бастауыш сынып мұғалімі - 1 жүктеме
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің педагог – сарапшының, педагог –зерттеушінің, педагог –шебердің біліктілік санатының болуы міндетті.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.