back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ
27-12-2022 12:21
Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ

Қарағанды облысы білім басқармасының

Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ

                2022-2023 оқу жылына конкурстық негізде гимназияның бос жұмыс орындарына  педагогтерді жұмысқа қабылдау 2023 жылдың   6 қаңтарында өтеді.

            Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығының (19.11.2021  № 568 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізіледі.

            Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.кz» және гимназиямыздың ресми сайтына жарияланады.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау  27.12.2022 - 05.01.2023 ж. дейін  жүргізіледі.

Мекен- жайы: Теміртау қаласы, Б.Момышұлы, 91.   Тел. 955407

Конкурстың өтетін уақыты: 06.01. 2023 жыл

 

      2022-2023 оқу жылына төмендегі бос орындар бар:

  • Бастауыш сынып  мұғалімі   -        1 жүктеме

             Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес тапсырылады, гимназия үшін педагогикалық еңбек өтілі бар үміткердің педагог – сарапшының, педагог –зерттеушінің, педагог –шебердің біліктілік санатының болуы міндетті.

  Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Новости