back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ-НІҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
24-01-2023 16:51
«ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ-НІҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ «ТЕМІРТАУ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІ» «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ ҚАРАЛДЫ Педагогикалық кеңесте «___31_»__тамыз____2022 ж. Протокол № _1___ КЕЛІСІЛДІ: Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласы білім бөлімінің» ММ-нің басшысы ______________ Р.К.Казтаев «_____» ___________2022г. БЕКІТЕМІН: Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-нің директоры __________ К.А.Нургалиева «_____» ___________2022 г. «ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН АТЫНДАҒЫ ГИМНАЗИЯСЫ» КММ-НІҢ 2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ҚАРАҒАНДЫ -2022 МАЗМҰНЫ І. Мектеп туралы қысқаша ақпарат ІІ. 2021-2022 оқу жылы жұмыс жоспарының орындалысына сараптамалық талдау ІІІ. Мектеп қызметінің 2022-2023 оқу жылына арналған мақсат, міндеттері ІҮ. ҚР-сы «Тілдер туралы» Заңның орындалысы. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ұлтаралық мәдениет тілі ретінде дамыту жоспары Ү. Педагогикалық кадрмен жұмыс. 5.1. Мектептің педагогикалық Кеңес жоспары ( енгізетін мәселелері) 5.2. Мектемтің ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспары 5.3.Дарынды оқушылармен жұмыс жоспары 5.4.Педагог кадрларды аттестаттау бойынша жұмыс жоспары 5.5.Жас мамандармен жұмыс жоспары 5.6. Ғылыми-әдістемелік Кеңес отырыстарының жоспары ҮІ. Бейіндік және бейіналды жұмыстарды ұйымдастыру дайындығы 6.1.Мектептің бейіндік оқыту жұмыс жоспары ҮІІ. Тәрбие бағыттары бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. 7.1. Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие бойынша жұмыс жоспары 7.2. «Жас Ұлан», «Жас қыран» бағыттары бойынша жұмыс жоспары ҮІІІ. Оқу-тәрбие процесін әлеуметтік-психологиялық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру 8.1. Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған әлеуметтік –психологиялық жұмыс жоспары 8.2.Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған психологиялық жұмыс жоспары 8.3.Мектептің 2022-2023 оқу жылына арналған әлеуметтік педагогтің жұмыс жоспары ІХ. Мектепішілік бақылау жұмысын ұйымдастыру 9.1. Мектепішілік бақылау жоспары 9.2.Директор жанындағы отырыс жоспары Х. Мектеп кітапханасының жұмыс жоспары І. Гимназия туралы қысқаша ақпарат 2991 жылы Теміртау қаласындағы К.Байсеитова көшесі, 7 ғимарат, 220 балаға арналған шағын ғимаратта, тұңғыш қазақ орта мектебі болып ашылды. 1997 жылы 17 наурызда 350 оқушы 28 мұғаліммен қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназия мәртебесіне ие болды. 2016 жылы Комсомол даңғылы, Комсомольский көшесі 91 ғимаратқа орналасқан 1975 жылы салынған ескі ғимаратқа бала санының көбеюіне байланысты көшіріліп ауыстырылды; 2020 жылы ҚР-сы Үкіметінің 21 желтоқсандағы №857 бұйрығымен «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ-сы мәртебесін алды. Бүгінгі күні гимназияда барлық мұғалім -53, оқушы саны- 673, оқу бөлмесі -19, сынып саны -26, І ауысымда -13 сынып, оқушы саны-341, ІІ ауысымда -11сынып, оқушы саны -332. бастауыш сынып кабинеттері-6, қазақ тілі-2, физика -2, химия -1, информатика -2, мультимедиа -1, 9 интерактивтік тақта, ұлдар шеберханасы -1, қыздарға арналған қолөнер бөлмесі - 1, 100 адамға арналған сыйымдылығы бар -1 асхана, 1- медбике бөлмесі, 1- спорт зал, 1-хореограф залы, 150 орынға арналған 1 акт залы бар. Гимназия екі ауысыммен, 6 күндік жұмыс кестесімен жұмыс істеп аяқтады. 2021-2022 оқу жылы «Әлихан Бөкейхан – Алаш қозғалысының көсемі» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өту қарсаңында «Әлихан және Алаш зиялылары» мұражай залы мен «Әлихантану» кабинеті ашылды. Гимназияның негізгі БАҒЫТЫ: қоғамдық-гуманитарлық бағыт, тіл, қоғамдық пәндер білімін ұлттық құндылықтарға негіздеп оқыту. МИССИЯСЫ: Ұлттық салт-сана, рухани мәдениетті бойына сіңірген, дені сау, рухы күшті алаш зиялыларының ұлттық демократиялық идеяларын дәріптейтін, тәуелсіздік туын биік көтеретін алаш мұрагерлерін оқытып-тәрбиелейтін мектеп. МАҚСАТЫ: Қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім беру арқылы білім алушының білім мен ғылымға бәсекелестік қабілеттілігін арттыру және ұлттық құндылықтар негізінде тұлғаны оқытып-тәрбиелеу. МІНДЕТТЕРІ: Гимназияның даму бағдарламасы 2021-2025 оқу жылдарына арналып, даму индикаторлары анықталып, жоспары 5 стратегиялық бағыт бойынша бекітіліп, әр бағыттың міндеттері төмендегідей анықталды. 1-стратегиялық бағыт: «Білім беру сапасын дамыту» -Білім сапасына мониторинг жүргізу арқылы өсу динамикасын бақылау, олқылықтармен жұмыс ұйымдастыру; -«Зейін», «Оқуға құштар мектеп» облыстық жобаларға жүйелі қатысу, пәндік олимпиада, ғылыми жобалар, зияткерлік сайыстарға қатысатын оқушылар базасын құру; -Оқушылардың функционалық сауаттылығын артыру мақсатында «Дарынды бала», «PBL», «ЭтноАрт-Start-Up» жобаларын енгізу. 2 – стратегиялық бағыт: «Адами ресурстарды дамыту» - Мұғалімдердің кәсіби өсуін арттыру мақсатында түрлі кәсіби байқаулар, педагогикалық оқулар өткізу; - «Әдістемелік өнім» педагогикалық шеберхана ұйымдастыру; - «Lesson Study» сабақты зерттеу жобасы арқылы кәсіби тәжірибе алаңын, «PBL» жобасы арқылы оқытудың сапасын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру; - Функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мақсатты семинар-тренингілер ұйымдастыру; - «KazGim» дебат клубы арқылы қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі сайыстар ұйымдастырып, үздік спикерлер дайындау. 3 - стратегиялық бағыт: «Басқарудың алқалы формасын дамыту» - Білім алушыларды мамандыққа баулу мақсатында «Мен таңдайтын мамандық» айдарымен жүргізілетін жұмыстарды және қоғамдық-әлеуметтік мақсатындағы жұмыстарды сапалы ұйымдастыру, - Ата-аналарды мектеп өміріне көптеп тарту; - «Қамқоршылық кеңес» және басқа демеушілік көмек көрсетушілермен жұмысты жандандыру. 4-стратегиялық бағыт: «Оқу процесіне жағдай жасау» -Оқу кабинеттерін заманауи жабдықтау; -АКТ және басқа қажеттіліктермен материалдық-техникалық базаны нығайту. 5-стратегиялық бағыт: «Мектептің жеке ерекшеліктері» -«Дарынды бала(Менің ертеңім)», «ЭтноАрт-Start-Up», «PBL», «Дебат қозғалысы», оқуға құштар мектеп», «Өнегелі өмір», «Адал ұрпақ» сынды жобалар арқылы ұлттық құндылықтар негізінде білім беру, білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыта оқытып-тәрбиелеу. ІІ. 2021-2022 оқу жылы жұмыс жоспарының орындалысына сараптамалық талдау Мақсаты: оқу жылы жоспарының орындалысын талдау, гимназияның оқу-тәрбие жұмыс сапасын көтеруге бағытталған мақсат, міндеттерді анықтау. Міндеттері: ✓ 2021-2022 оқу жылы жоспарының орындалысына сараптамалық талдау жасау; ✓ Жоспар бағыттарына жан-жақты аналитикалық талдау жасау арқылы қажеттіліктер мен проблемаларды анықтау; ✓ Келер оқу жылына сапалы, бәріне қолжетімді жоспар құру; ✓ Гимназияның жылдық жоспарын білім сапасын көтеруге, кадр сапалық құрамын арттыруға, оқу мен тәрбиенің біртұтас жүйесін жақсартуға бағыттап құру; ✓ Жас мамандарды кәсіби дамыту, тәлімгерлік жұмыс сапасын арттыру; ✓ Меңгерілуі қиын пәндерден күзгі және қысқы оқулар, семинар,тренинг ұйымдастыру; ✓ Кадрларға жеке даму жоспарын құрып жұмыстату; ✓ Цифрлық сауаттылықты жетілдіру жұмыстарының сапасын арттыру ✓ ҰБТ,ОЖСБ, пән олимпиадасы, ғылыми жобалардың нәтижесін облыстық, республикалық деңгейге көтеру; ✓ Гимназияның материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын табу.
Новости