Теміртау қаласы білім бөлімінің
«Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ
«Инновациялық идеялар көрмесі - 2023»тақарыбында курстардың оқытылуы бойынша мектепішілік көрме, 2023 жылдың 23 ақпанында ұйымдастырылып өткізілді.
Мақсаты: курстардың оқытылу сапасы мен оқушылардың кәсіби бағдарлы оқу нәтижесін бақылау, қалалық, олбыстық сайыстарға қатыстыратын жұмыстарды іріктеу болды.
Мектепішілік көрмеге 1-11-сыныптарда оқытылатын курс жетекшілері оқушыларымен бірге жасалған өнімдерін ұсынды. Көрмеге 1-11-сыныптардың ата-аналары, Қарағанды технология және бизнес университеті кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша өкілдері қатысып, оқушылардың көрме жұмысына жоғары баға берді. Гимназиямызда оқытылатын курстардың негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол ашу. Бүгінгі күні көрмеге курс жетекшілерінің идеясы да, оқушының идеясы да шығармашылық өнім ретінде ұсынылды. Көрмеде үздік деп танылған жұмыстар «Қазақ қолөнері» - моншақпен жұмыс, «PBL-жобаға негіздеп оқыту»- тұмар, қоржын, асық терепиясы, «STEAM негіздері»-фонтан, Қазақстан қазба байлықтары мен шаруашылығын көрсеткен электронды карта, «Ұшқыр ой алаңы»- Әлихан Бөкейхан қолжазбалары, «Робототехника»-электронды саты, «Оқу сауаттылығы» - қазақ ертегілер жинағы, физика мамандығы, мәтінді әдемі жазу, 42 әріпті көркем жазу, оқу сауаттылығына арналған жұмыс дәптері, «Practical English»-электрондық оқулықтан қойылым (matinee),TedTalks, таңдау пәндерінен оқушы логикасын дамытуға арналған жұмыстар, макеттер, ағашпен өрнек жұмыстары көптің қызығушылығын оятты. Ата-аналар өз балаларының жұмысын көріп, сабағына қатысып мектеп өмірінің өздері түсініп, біле бермейтін жақтарымен танысып ризашылығын білдіріп қайтты.
Ақпарат жазған К.Бопан.
Көрме жұмысынан фотошолу