back-image
КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Гимназия имени Алихан Бокейхана"
«Инновациялық идеялар көрмесі - 2023» тақарыбында курстардың оқытылуы бойынша мектепішілік көрме, 2023 жылдың 23 ақпанында ұйымдастырылып өткізілді.
24-02-2023 09:56
«Инновациялық  идеялар  көрмесі - 2023» тақарыбында  курстардың оқытылуы бойынша мектепішілік көрме, 2023 жылдың 23 ақпанында ұйымдастырылып өткізілді.

Теміртау қаласы білім бөлімінің

 «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы» КММ

«Инновациялық  идеялар  көрмесі - 2023»тақарыбында  курстардың оқытылуы бойынша мектепішілік көрме, 2023 жылдың 23 ақпанында ұйымдастырылып өткізілді.

Мақсаты: курстардың оқытылу сапасы мен оқушылардың кәсіби бағдарлы оқу нәтижесін бақылау, қалалық, олбыстық сайыстарға қатыстыратын жұмыстарды іріктеу болды.

Мектепішілік көрмеге 1-11-сыныптарда оқытылатын курс жетекшілері оқушыларымен бірге жасалған өнімдерін ұсынды. Көрмеге 1-11-сыныптардың ата-аналары, Қарағанды технология және бизнес университеті кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша өкілдері қатысып,  оқушылардың көрме  жұмысына жоғары баға берді. Гимназиямызда оқытылатын курстардың негізгі мақсаты – оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына жол ашу. Бүгінгі күні көрмеге курс жетекшілерінің  идеясы да, оқушының идеясы да шығармашылық өнім ретінде ұсынылды. Көрмеде үздік деп танылған жұмыстар «Қазақ қолөнері» - моншақпен жұмыс, «PBL-жобаға негіздеп оқыту»- тұмар, қоржын, асық терепиясы, «STEAM негіздері»-фонтан, Қазақстан қазба байлықтары мен шаруашылығын көрсеткен электронды карта, «Ұшқыр ой алаңы»- Әлихан Бөкейхан қолжазбалары, «Робототехника»-электронды саты, «Оқу сауаттылығы» - қазақ ертегілер жинағы, физика мамандығы, мәтінді әдемі жазу, 42 әріпті көркем жазу, оқу сауаттылығына арналған жұмыс дәптері, «Practical English»-электрондық оқулықтан қойылым (matinee),TedTalks,  таңдау пәндерінен оқушы логикасын дамытуға арналған жұмыстар, макеттер, ағашпен өрнек жұмыстары көптің қызығушылығын оятты. Ата-аналар өз балаларының жұмысын көріп, сабағына қатысып мектеп өмірінің өздері түсініп, біле бермейтін жақтарымен танысып ризашылығын білдіріп қайтты.

Ақпарат жазған К.Бопан.

Көрме жұмысынан фотошолу

 

Новости