No21 мектеп мұғалімдерімен әңгіме
29 наурызда «No1 емхана» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері No21 мектептің мұғалімдерімен мектеп қабырғасында және одан тыс жерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша әңгіме өткізді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға жедел психологиялық, құқықтық және басқа да көмек көрсету, отбасы және отбасы құндылықтары институтын нығайту мәселелері көтерілді.