
Қалалық пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылды. Біз сіздермен ұстаздар қауымының жетістіктерімен бөлісуді мақтан тұтамыз. Мұғалімдер оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірге 16 пән бойынша олимпиада жеңімпаздарының жалпы ұпайлары бойынша қала мектептері арасында 3-ші КОМАНДАЛЫҚ ОРЫНҒА ие болғаны үшін қалалық білім бөлімі тарапынан марапатталды. Мектеп пен отбасының тығыз ынтымақтастығы арқылы ғана жоғары нәтижеге жетуге болады. «Бала-отбасы-мектеп» үштігінің тиімді жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымыз.