3. МЕКТЕПКЕ ОҚУШЫЛАРДЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ЖӘНЕ КЕЛУШІЛЕРДІ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ
3.1. Мектеп ғимаратына өткізу тәртібін күзет қызметкерлері қамтамасыз етеді.
3.2. Оқушылар, қызметкерлер мен келушілер ғимаратқа орталық кіру есігі арқылы өтеді.
3.3. Мектеп ғимаратының орталық кіру есігі жұмыс күндері - оқу процессі басталғаннан кейін 15 минуттан соң, жұмыс, демалыс және мереке күндері – үнемі жабық болуы тиіс.
4. ОҚУШЫЛАР ҮШІН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
4.1. Мектеп ғимаратына кіруді оқушылар еркін тәртіпте жүзеге асырады.
4.2. Мектептегі сабақтардың басталуы –бірінші ауысым үшін: 08.00, екінші ауысым үшін: 14.00. Оқушылар мектепке 7.30 және 13.45 бастап кіргізіледі. Оқушылар мектепке 07.45 және 13.45 кешікпей келуге міндетті.
4.3. Жекелеген жағдайларда Мектеп директорының бұйрығы бойынша сабақтар екінші (және әрі қарай) сабақтан басталуы мүмкін (қалған жағдайда оқушылар мектепке сабақ басталғанға дейін 15 минут бұрын келуі тиіс).
4.4. Дәлелсіз себептермен кешіккен жағдайда оқушылар кезекші әкімшілік немесе сынып жетекшісінің рұқсатымен Мектепке кіргізіледі.
4.5. Мектептен сабақ аяқталғанға дейін кетуге тек мұғалімнің, дәрігердің немесе әкімшілік өкілінің жеке рұқсаты негізінде ғана рұқсат етіледі.
4.6. Оқушылардың дене шынықтыру, еңбек сабақтарына, топсеруендерге шығуы тек мұғаліммен бірге жүру арқылы жүзеге асырылады.
4.7. Сыныптан тыс және сабақтан тыс іс-шараларды өткізу үшін үйірмелер, секциялар және басқа да топтар мүшелері Мектепке сабақ кестесіне сәйкес және мұғаліммен бірге жүргенде жіберіледі.
4.8. Мектепке сабақтан соң қосымша сабақтарға оқушылар Мектеп бойынша кезекші мұғалім немесе күзет қызметкері ұсынған кесте бойынша өткізілуі мүмкін.
4.9. Каникул уақытында оқушылар Мектепке мектеп директоры бекіткен оқушылармен каникулдағы іс-шаралар жоспарына сәйкес жіберіледі.
4.10. Тәртіп немесе мінез-құлық ережелері бұзылған жағдайда оқушылар кезекші мұғалімге, сынып жетекшісіне немесе Мектеп әкімшілігіне жеткізілуі мүмкін.
5. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨТКІЗУ РЕЖИМІ
5.1. Мектеп директоры, оның орынбасарлары, әкімші, хатшы және басқа да қызметкерлер, егер бұл бақылау-өткізу тәртібіне жауаптының ағымдағы бұйрықтарымен шектелмесе, тәуліктің кез келген уақытында, сондай-ақ, демалыс және мереке күндерінде Мектеп жайына өте алады және ғимаратта бола алады.
5.2. Педагогикалық қызметкерлерге Мектепке оқу процесі басталғанға дейін 15 минут бұрын келу ұсынылды.
5.3. Жекелеген жағдайларда, мектеп директоры бекіткен кестеге сәйкес, нақты мұғалім сабақтары бірінші сабақтан басталмауы мүмкін (қалған жағдайда мұғалім Мектепке бірінші сабақ басталғанға дейін 15 минуттан кешікпей келуге міндетті).
5.4. Мұғалімдер, әкімшілік мүшелері жекелеген ата-аналармен жоспарланған кездесулер уақыты туралы, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстарының өткізілетін уақыты мен орыны туралы күзет қызметкеріне алдын ала ескертуге міндетті.
5.5.Қалған қызметкерлер Мектепке келіп, директор бекіткен жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс істейді.
6. ОҚУШЫЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ҮШІН ӨТКІЗУ РЕЖИМІ
6.1. Ата-аналар Мектепке құжатын, жеке куәлігін (жеке куәлігі, қызметтік куәлік, жүргізуші куәлігі және т.б.) ұсыну арқылы кіре алады.
6.2. Ата-аналар мұғалімдермен сабақтан кейін немесе шұғыл жағдайларда, үзіліс кезінде, мұғалім, әкімші келісімімен ғана кездесе алады.
6.3. Егер кездесу келісілген болса, онда мұғалім немесе әкімшілік өкілі ата-аналарды күзет бекеті жанында күтіп алады және ата-аналар Мектептен шыққанда күзет бекетіне жеткізеді.
6.4. Ата-аналар Мектеп әкімшілігіне жеке мәселелері бойынша олардың директормен, директор хатшысымен алдын ала келісімі бойынша өтуі мүмкін.
6.5. Мектепке ата-аналар жоспарланбаған түрде келген жағдайда күзетші олардың келу мақсатын анықтайды және тек әкімшіліктің рұқсатымен ғана Мектепке кіргізеді.
6.6. Мұғалімдермен немесе Мектеп әкімшілігімен кездесу үшін ата-аналар күзетшіге олар жіберілетін мұғалімнің немесе әкімшілік өкілінің тегін, атын, әкесінің атын, баласының атын, тегі, ол оқитын сыныпты хабарлайды. Күзетші оны «Келушілерді есепке алу журналына» жазады.
6.7. Ата-аналарға ірі көлемді сөмкелермен мектепке кіруге рұқсат етілмейді. Сөмкелерді күзетші бекетінде қалдырып, күзетші келісімімен оларды қарауға рұқсат ету қажет.
6.8. Сабақ аяқталғаннан кейін өз балаларын қарсы алуға келген ата-аналар көшеде немесе Мектептің кезекші бекетінде күтеді. Бірінші сынып оқушыларының ата-аналары үшін оқу жылының бірінші тоқсаны бойына бейімделген өткізу тәртібі белгіленеді, ол директор бұйрығына сәйкес, ата-аналар жиналысында сынып жетекшілері арқылы жеке келісіледі.
7. ЖОҒАРЫ ТҰРҒАН ҰЙЫМДАРҒА, ТЕКСЕРУШІ ТҰЛҒАЛАРҒА ЖӘНЕ БАСҚА КЕЛУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ӨТКІЗУ РЕЖИМІ
7.1. Білім беру процесімен байланысты емес тұлғалар Мектепке келгенде қызметтік қажеттілігі бойынша, жеке куәлігін, құжатын көрсеткен кезде Мектеп директоры немесе оны ауыстырушы тұлғаның келісімі бойынша «Келушілерді есепке алу журналына» тіркелгеннен кейін жіберіледі.
7.2. Тексеруге келген лауазымды тұлғалар жеке куәлігін, құжатын көрсеткен кезде Мектеп әкімшілігінің хабарлауымен Мектепке жіберіледі, бұл туралы «Мектеп қызметін бақылау бойынша шараларды тіркеу журналына» жазылады.
7.3. Көпшілік іс-шаралар, семинарлар, конференциялар, байқауларды және т.б. өткізу және қатысу үшін Мектепке баратын тұлғалар тобы Мектеп директорының қолы және мөрімен бекітілген келушілер тізімі бойынша жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде Мектеп ғимаратына жіберіледі.
7.4. Келушілерді Мектеп ғимаратына жіберуге байланысты даулы жағдайлар туындаған жағдайда күзет қызметкері Мектеп директорының немесе оның орынбасарының нұсқауы бойынша әрекет етеді.
7.5. Өткізу тәртібі кезінде құжаттарды жүргізу. Келушілер туралы мәлімет келушілерді тіркеу журналында тіркеледі.
8. ӨТКІЗУ РЕЖИМІ БОЙЫНША ҚҰЖАТТАМАНЫ ЖҮРГІЗУ
8.1.Келушілерді тіркеу журналы оқу жылының басында (1 қыркүйек) басталады және оқу жылы аяқталғанға дейін (келесі жылдың 31 тамызына дейін) жүргізіледі.
Журнал тігілуі, парақтары нөмірленуі тиіс. Бірінші бетінде журналдың басталған күні жазылады.
Келушілерді тіркеу журналынан беттерді ауыстыруға, алуға тыйым салынады.
9. МЕКТЕПКЕ ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ, САЛЫҚ, САНИТАРЛЫҚ, ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ БАСҚА ИНСПЕКЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ӨТКІЗУ РЕЖИМІ
9.1. Күзет қызметкері құқық қорғау органдарының,салық, санитарлық, өрт сөндіру инспекциясы қызметкерлеріне өзін таныстырады, сыпайы және әдепті түрде олардан күзетілетін Нысанға келу мақсатын анықтайды.
9.2. Құқық қорғау органдарының, салық, санитарлық, өрт сөндіру және басқа инспекциялар қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындаған жағдайда қызметтік куәліктерін көрсеткенде және күзет қызметкері тіркегенде олар Нысанға кедергісіз жіберіледі. Қалған барлық жағдайларда жоғарыда аталған адамдарды өткізу жалпы жағдайларда жүзеге асырылады.
9.3. Аталған қызметкерлердің келу фактісі туралы басшылыққа дереу хабардар етіледі.
10. КӨЛІКТЕР ҮШІН ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
10.1. Автокөлік Мектеп аумағына кіруі үшін қақпаны Мектеп директорының (ӘШІ бойынша орынбасарының) келісімі бойынша немесе бекітілген кестеге сәйкес күзет қызметкері немесе күзетші ашады.
10.2. Автокөліктің Мектеп аумағына кіру-шығу тәртібі тәртібі білім беру мекемесі директорының бұйрығымен белгіленеді.
Мектеп аумағына шектеусіз кіруге Мектеп әкімшілігі оларды шақыртқан жағдайда төтенше және апатты қызметтер: жедел жәрдем, өрт сөндіру, ішкі істер басқармасы автокөліктеріне рұқсат етіледі. Әкімшілік өтінімі бойынша келген автокөлікке рұқсат беру жүргізушілерден ілеспе құжаттарды (хаттар, өтінімдер, наряд және т.б.) және жеке басын куәландыратын құжаттарды алған кезде жүзеге асырылады.
10.3. Мектеп аумағында 10.2 т.көрсетілгеннен басқа, автокөлік қоюға тыйым салынады.
10.4. Автокөліктің білім беру мекемесінің аумағына кіргені туралы мәлімет автокөлікті тіркеу журналына жазылады.
Автокөлікті тіркеу журналы
№ |
күні |
А/к.мем. номер маркасы |
Жүргізушінің аты-жөні |
ТЖ жекеменшік |
Жеке куәлігі |
ББМ келу мақсаты |
Келу уақыты |
Шығу уақыты |
Кезекші қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Мектеп аумағына автокөлікті өткізу Мектеп директорының бұйрығымен тағайындалған, автокөлікті кіргізуге жауапты тұлға оны тексергеннен кейін және автокөлікті тіркеу журналында жазғаннан кейін жүзеге асырылады.
Мектеп аумағына кіруге рұқсат етілген автокөліктер тізімі Мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
Мектеп аумағына кіретін автокөліктер мен жүктер қақпа алдында тексеріледі.
Оқытушы және техникалық құрамға жеке автокөліктерін Мектеп аумағында қоюға тыйым салынады.
Автокөлікті демалыс, мереке күндері және түнгі уақытта нысан аумағына қою Мектеп директорының немесе оны ауыстырушы тұлғаның жазбаша келісімімен жүзеге асырылады, онда жауаптылар тегі, автокөліктің Мектеп аумағында болу уақыты, болу мақсаты міндетті түрде көрсетіледі.
Күдік туғызатын көлік құралдары Мектеп аумағында немесе оған тікелей жақын жерде ұзақ уақыт болған барлық жағдайлар туралы өткізу тәртібіне жауапты Мектеп директорына (оны ауыстырушы тұлға) хабарлайды және қажет болған жағдайда, директордың (оны ауыстырушы тұлға) келісімімен аумақтық ішкі істер органына хабарлайды.
Егер автокөлікте жүргізушімен бірге жолаушы болған жағдайда, оған мекемеге бөгде тұлғаны өткізу бойынша талаптар қойылады. Жолаушы туралы мәліметтер автокөліктерді тіркеу журналында тіркелуі мүмкін.
11. ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
11.1. Жөндеу-құрылыс ұйымдарының жұмысшылары мен мамандарын Мектеп жайына директордың өкімі бойынша немесе «Мердігер» және «Тапсырыс беруші» басшыларымен келісілген өтінімдер мен тізімдер негізінде жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін кезекші күзетші өткізеді.
12. ТӨТЕНШЕ (АПАТТЫ) ЖАҒДАЙЛАР ТУЫНДАҒАНДА НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ САЛДАРЛАРЫН ЖОЮ КЕЗІНДЕГІ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ
12.1. Төтенше жағдайлар кезінде Мектеп ғимаратында өткізу тәртібі шектеледі.
12.2.Төтенше (апатты) жағдай жойылғаннан кейін әдеттегі өткізіп жіберу процедурасы қайта басталады.
13. ОҚУШЫЛАРДЫ, ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МЕН КЕЛУШІЛЕРДІ ЭВАКУАЦИЯЛАУ ТӘРТІБІ
13.1. Төтенше жағдайлар (өрт, стихилық апаттар, террорлық акт қауіп төндіргені туралы және т.б.) туралы Мектеп жайынан оқушыларды, қызметкерлерді және жұмыскерлерді шығаруды хабардар ету және оларды күзету тәртібі террорға қарсы, еңбек қауіпсіздігі және сақтау, өрт және электр қауіпсіздігін сақтау бойынша жұмыстарды жүргізуге жауаптылармен бірлесе отырып, директор әзірлейді.
13.2. Орнатылған хабарлау дабылы бойынша барлық оқушылар, келушілер, қызметкерлер мен жұмыскерлер, сондай-ақ, Мектеп жайында жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асырушы қызметкерлер де Мектеп ғимаратында келушілер үшін көрнекті жерге ілінген эвакуация жоспарына сәйкес ғимараттан эвакуацияланады. Келушілерді Мектеп жайына жіберу тоқтатылады. Мектеп қызметкерлері мен жауапты тұлғалар жайдағы адамдарды эвакуациялау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдайды. Апатты жағдайды жою үшін тиісті қызметкерлер келген кезде олардың Мектеп ғимаратына кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді.