25.11.24 ж. 9-11 сыныптарда "Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты: құқық бұзушылықтар туралы білімді ретке келтіру, оларды бұзушылықтар түрлерімен және олар үшін жазалармен таныстыру, құқыққа қайшы әрекеттердің салдары туралы түсініктерді дамыту, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушылар бейнеролик көріп, ҚР Конституциясымен танысты, онда Оқушының құқықтары мен міндеттері айқындалды. Олар қандай жауапкершілік түрлері бар екенін және олар үшін қандай жазалар болуы мүмкін екенін білді. Сонымен қатар оқушылар өз пікірлерін білдірген бірнеше жағдайды қарастырдық.