
2025ж. 20 қаңтарда «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» атты оқу сауаттылығы апталығының ашылуына арналған салтанатты саптық жиын өтті. Апталықтың мақсаты – патриоттық сезімді тәрбиелеу, мемлекеттік тілді, ел тарихын зерделеу қажеттілігін қалыптастыру, сонымен қатар оқушылардың функционалдық дайындығын дамыту және білімді, қабілетті, белсенді азаматтарды тәрбиелеуге ықпал ету, өзін-өзі дамыту. Жиында оқушылар ХХІ ғасырда табысты өмір сүру үшін сауаттылықтың маңыздылығы мен сауатты ұрпақ қандай болу керектігі туралы айтты. Жоспар бойынша апта барысында түрлі іс-шаралар өтеді.