Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Ол кәсіптік білім беру реформасының маңыздылығын мәлімдеді және жұмысшы мамандықтар жылы біздің қоғамда еңбекқорлық пен кәсіпқойлық идеясын ілгерілетуге ықпал ететінін атап өтті.
31 қаңтарда № 7 жалпы білім беретін мектеп базасында жұмысшы мамандықтар жылының ашылуына арналған «Жұмысшы мамандықтар жылы: Болашақты бірге құрамыз» фестивалі өтті. Негізгі мақсаты: оқушыларға жұмысшы мамандықтары туралы түсінік беру, олардың кәсіптік бағдар беру саласындағы ой-өрісін кеңейту.
Фестивальдің жарқын бастамасы Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі оқушыларының түрлі мамандық иелерінің бірыңғай киім үлгісінде өнер көрсетуі болды, одан кейін барлық 12 жалпы білім беретін мектептердің үгіт-насихат бригадалары түрлі жұмысшы мамандықтарын таныстырды. Олардың ішінде: комбайншылар, тігіншілер, құрылысшылар, жүргізушілер, автослесарлар, аспаздар, кеншілер, дәнекерлеушілер және тағы басқалар. Біздің Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиямыз"Құрылысшы" мамандығын ұсынды.
Іс-шара №7 жалпы білім беретін мектептің 4 "Б" сынып оқушыларының флэшмобымен аяқталды, ол мамандықтардың нағыз жарқын отшашуына айналды.