Білім сапасын жақсартуға және оқу жетістіктерін дамытуға ықпал ететін инновациялық білім беру ортасын құру үшін жаңа модификация кабинеттерін сатып алуға байланысты материалдық-техникалық базаны нығайту жалғасуда. 2024 жылы жергілікті бюджет қаражатынан 6 жаңа модификациялы кабинет сатып алынды.
Сондай-ақ, «Қазақстан Халқына» қоры 2024 жылы қайырымдылық аясында қалада «Қаланың 11 мектебінде «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің тәжірибесін енгізу (физика, химия, биология кабинеттерін жарақтандыру)» жобасы іске асырылды. Жоба аясында физика, химия, биология пәндерінің жаңа модификациядағы 36 кабинеті жабдықталды. Жаңа модификациядағы 33 оқу кабинетіне ағымдағы жөндеу жүргізілді. Осы жобаға қатысқан физика, химия және биология пәндерінің мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыру үшін кешенді әдістемелік қолдау алды.