2025 жылдың 4 сәуірінде жалпы мектеп жиналысы өтті. Жиналыста білім бөлімінің әдіскері Терещенко Анна Викторовна, Шахтинск қаласының ТЖ қызметкері, азаматтық қорғау лейтенанты Сыраев Рустам Рашидович сөз сөйледі.
            
            
                        
	2025 жылдың 4 сәуірінде жалпы мектеп жиналысы өтті. Жиналыста білім бөлімінің әдіскері Терещенко Анна Викторовна, Шахтинск қаласының ТЖ қызметкері, азаматтық қорғау лейтенанты Сыраев Рустам Рашидович сөз сөйледі. Олар ата-аналармен балалардың терезеден құлау жазатайым оқиғаларының алдын алу, балалардың судағы қауіпсіздігі, қазақстандық қоғамның назарын тұрғылықты және оқу орындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне аудару бойынша ақпараттық-түсіндіру әңгімелесуін өткізді.
	Сондай-ақ, жиналыста Шахтинск қаласы емханасының нарколог дәрігері жас ұрпақ арасында синтетикалық есірткіні қолдану мәселесі туралы сөз сөйледі. 
	Жиналыста оқу бөлімі бойынша келесі сұрақтар көтерілді:
	-1-сыныпқа қабылдау;
	- 9,11 сыныптардың қорытынды емтихандарының мерзімі (ауысу емтихандары);
	- жазғы лагерь туралы бәрі;
	-9,11 сыныпты жұмысқа орналастыру.
	Ата-аналарға жазғы уақытта балалардың қауіпсіздігі туралы қажетті ақпараты бар буклеттер таратылды.