10.09.25 ж.өскелең ұрпақтың бойында белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында "Ш.Уалиханов атын.мектеп-гимназиясы” КММ-де отансүйгіштік пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу мақсатындс, 10-11 сынып оқушылары арасында ерлік сабағы өтті. Ауған соғысының ардагері - Тұрдыбаев Баходир Режепұлы ( қызмет еткен жылдары 86-88 жыл, зеңбірекші-БМП операторы) шақырылды. Ардагер қиындықтарды, жолдастарының жоғалуын, қауіп-қатерлерді және әскери өмірдің ауыртпалықтарын еске түсірді. Оқушылар әскердегі қызметі туралы сұрақтар қойып, қызығушылық танытты.