back-image
"Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
22-12-2025 15:28
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста 10 күн демалады
 
???? Екінші тоқсанның аяқталуына санаулы күндер қалды. Қысқы каникул кезеңі 2025 жылдың 29-желтоқсаны мен 2026 жылдың 7-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
 
???? Мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды. Осы мақсатта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар көзделген. 
 
???? Балаларға бос уақытында: 
* кітап оқу; 
* музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару; 
* спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу; 
* қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысу ұсынылады. 
 
????️ Мектептерде, қосымша білім беру ұйымдарында бірқатар білім беру, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар өткізу ұсынылады.
 
???? Ең бастысы – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың қоғамдық қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке ерекше назар аудару қажет.
 
???? Айта кетейік, бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.
Новости