back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени Санжара Асфендиярова"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени Санжара Асфендиярова"
Жемқорлыққа жол жоқ
18-10-2024 11:41
Жемқорлыққа жол жоқ
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз. Сол ата-балаларымыз әділдік пен адалдықты басты орынға қоя білгенінің арқасында ел арасында турашылдығымен танылған. 
Қазіргі ұрпақ бойына адалдықты бала кезінен сіңіру қажет. Адал азамат болуға баулу жолында адалдық қасиетін бойына дарыту үлкен іс. 
Адамдардың бойына адами құндылықтармен бірге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті де  қалыптастыру қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін,  құқықтық сауаттылықты арттыру  керек.  
Кез-келген өркениетті қоғам үшін, сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады.Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. 
Жас буынға жемқорлықтың теріс салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізу-олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынып жете түсінуінежәне орындауына көмектесудің алғы шарттарының бірі болып саналады. Атап айтқанда, ол үшін ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана керек. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптасқан жағдайда ғана адам адамгершілікке жат-қылықтардан бойын аулақ ұстай бастайды, заңға қайшы келетін әрекеттерді жасауға жол бермейді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың міндеті емес, ең алдымен әрбір азаматтың жауапкершілігі. Адал азамат әрқашан адалдық қағидаларын ұстануы қажет. Адалдық бала кезден бойға дарыса, өсе келе сол қасиетті жоғалтпай әр адам өз бойындағы жақсы қасиеттерді арттырып, саналы азамат болуға талпынса жемқорлықтың көлеңкесі де болмас еді. 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес- бұл мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Біз тек бірлесе әрекет еткенде ғана, бұл дерттің тамырын қиып, әділ әрі дамыған қоғам құра аламыз. 
“Сыбайлас жемқорлыққа жол!” деген ұран әр адамның өмірлік ұстанымына айналуы тиіс. 
 
Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебінің дректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.О.Біржікен
Новости