back-image
"Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар
15-08-2025 11:10
Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және кеңестердің (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) жауапкершілігін арттыру.

Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

 

Тыйым салынады

         Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға жол берілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге тыйым салынады.

 

Ұлдардың мектеп формасы:

      Мектеп формасының түсі: қара көк. Пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті.

     

Қыздардың мектеп формасы:

     Мектеп формасының түсі: қара көк. Пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Юбка ұзындығы тізе деңгейінде болуы кажет. Тізеден тым жоғары (қысқа) не болмаса тізеден түсетін (ұзын)  юбка мектеп формасының талабына сай емес.

Аяқ киім классикалық үлгіде болуы міндетті. Туфли болса өкшесінің биіктігі 2-3 см аспауы  тиіс.

      Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

 

 

Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау.

 

Орта білім беру ұйымының басшысы (бұдан әрі – Басшы) және кеңес (қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) міндетті мектеп формасын енгізу кезінде осы Талаптарды басшылыққа алады.

Балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері мектеп формасын кез келген сауда желісінен сатып алады.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары (бұдан әрі – Басқару органдары) ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Басқару органдарына мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді.

      Мектеп формасын сатып алғанда, ата-аналар оның өндірушісін таңдауда тәуелсіз.

      Басшы осы Талаптармен ата-аналарды немесе заңды өкілдерді білім алушыны білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырады.

Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.  Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданған жөн.

     Мектеп формасы туралы мәселелерді талқылауға балалардың ата-аналары және өзге де заңды өкілдері, мектептің өзін-өзі басқару мүшелері, қамқоршылар кеңесі мен ата-аналар комитеті қатысады және осы Талаптарға сәйкес ұсыныстар енгізеді.

      Мектеп формасының фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (қамқоршылық кеңесі, ата-аналар комитеті, мектептегі өзін-өзі басқару) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар

жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

     Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.

Новости