Құқықтық білім беру
Мектебімізде оқушылармен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, өз әрекеттері үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру, тәртіп ережелерін сақтаудың маңыздылығын ұғындыру болды. Мұндай кездесулер оқушылардың заңға құрметпен қарауына және қоғамда өзін дұрыс ұстауына ықпал етеді.
