Әкімшілік және қылмыстық нормаларды түсіндіру жұмыстары
2025 жылдың 25 қарашасында мектебімізге Шахтинск қаласы Білім бөлімінің әдіскері Сексенова Зарина Айтуғановна және Шахтинск қаласының ПБ ККБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Мангиланова Айзат Нұрлановна келіп, оқушылармен құқықтық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесудің мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға бағынуға тәрбиелеу, өз құқықтары мен міндеттерін білуге баулу.
Лекция барысында оқушыларға:
• әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы;
• өз құқықтарын қорғау жолдары;
• сабақтан себепсіз қалу, түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүру жағдайында ата-аналарға айыппұл салынатыны;
• темекі шегу, ұсақ бұзақылық жасау – әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны;
• мектеп оқушысының міндеттері мен тәртіп ережелері жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Іс-шараға барлығы 72 оқушы қамтылды.
