
2024 жылдың 07 маусымында Қарағанды облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің «Шоқан Уəлиханов атындағы мектеп-лицейі» КММ- нде 11»А» жəне 11»Б» сынып оқушылары қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен мемлекеттік емтихан тапсырды.
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін қорыту.
Емтихан мектеп директоры Лилия Павловна Мухутдинованың оқушыларды құттықтауымен басталды. Содан кейін директор емтиханға арналған конвертті ашып, оқушыларға тапсырмаларды таратты.
Оқушылар алған білімдерін көрсетті, тапсырмаларды орындады.
Оқушылардың жазылған жұмыстары тексеріліп, қорытындысы шығарылып, хаттама толтырылды.
Емтихан комиссия төрайымы: мектеп директоры Л.П. Мухутдинова.
Емтихан алушы қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімдері Р.С.Кадауова, Р.Х.Карибжанова және А.М. Суюндикова.
Ассистенттер: директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Т.Т. Искакова, қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімдері Р.М. Жунусбекова, К.Ж. Танашева, Ш.О. Шамабаракова, Г. Байжұма және мектеп психологі А.В. Гимазетдинова.