01.11.2022 ж. "№12 ТМ (РО)" КММ 8 "А" сынып оқушылары сынып жетекшісі А. Төлетаймен бірге Долинка кентінің "Қарлаг" мұражайына саяхатқа барды. Өткізілген экскурсия балаларға өз өлкесінің тарихын қабылдауға және сезінуге, танымдық қызығушылығын кеңейтуге, өз елінің тарихына құрметпен қарауға мүмкіндік берді. Көрменің ең қорқынышты бөлігі мұражайдың жертөлелерінде орналасқан. Онда сотталғандардан жауап алынған және азапталған камералар көрсетілді. Балалар көргендерінен қатты әсерде болды.