2026 жылғы 26 қаңтарда 5 «А» сыныбында «Заң мен тәртіп – өзімнен басталады» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және тәртіп ережелерін сақтауға саналы көзқарасын дамыту болды. Сынып сағаты барысында оқушылар заң мен тәртіп мәселелеріне арналған бейнероликті тамашалап, кейін оның мазмұны бойынша талқылау жүргізді. Практикалық бөлімде оқушылар бүгіннен бастап мектепте және қоғамда тәртіпті сақтауға үлес қосу үшін өздері орындауға уәде беретін бір ережені таңдады, сондай-ақ бұл ереженің олар үшін не себепті маңызды екенін түсіндірді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, өмірден мысалдар келтіріп, әр адамның жеке жауапкершілігінің маңыздылығын түсінді.