back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
Парасаттылық сағаты
15-12-2022 10:43
Парасаттылық сағаты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңына сәйкес білім беру сипатындағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ(РО)" КММ-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта "Парасаттылық сағаты" өткізілді. Білім алушылар Қарағанды облыстық "Анет баба" мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлының қатысуымен бейнеролик тамашалады.
Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру сыбайлас жемқорлықтан азат, дені сау, өркендеген ұрпақты дамыту үшін бірінші кезектегі міндет болып табылады. "Парасаттылық сағатын" өткізу балалық шақтан бастап жеке тұлғаны қазақстандық патриотизм мен сыбайлас жемқорлықтан бас тарту рухында тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Новости