back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
"Ауғанстан - жанды естелік" атты әдеби - музыкалық кездесу
14-02-2023 11:51

Бүгін Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні қарсаңында мектепте "Ауғанстан - жанды естелік" атты әдеби - музыкалық кездесу өткізілді . Кездесуге интернационалист-жауынгер Борашев Қайрат Ерғалиұлы қатысты. 9-11 сынып оқушылары Ауған соғысының оқиғаларын жалпыадамзаттық тұрғыдан түсініп, атаулы күннің тарихын еске алды.
Қайрат Ерғалиұлына зор алғысымызды білдіреміз. Денсаулық, амандық және бар жақсылықты тілейміз.
Іс-шараны ұйымдастырушы директордың ТЖ жөніндегі орынбасары А. Б. Шакенова
Іс-шараға қатысушы келесі оқушыларға жеке алғыс: 11 сынып оқушылары И. Гуров, Е. Рахметов, Л. Серикова, В. Полищук ; 10 сынып оқушылары А. Әбдірахман, М. Тушиева, В. Черепанова, К. Шульга.

Новости