2023 жылғы 8 маусымда "балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" Республикалық ұлттық ақпараттық науқанының өткізілуіне байланысты "Қамқор"облыстық кең ауқымды рейд ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты-Әлеуметтік және медициналық көмекке мұқтаж балалары бар отбасыларды анықтау, оларды тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйымға бекіту, Балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, балалар еңбегін пайдалану фактілерін анықтау.