
"Қауіпсіз балалық шақ" ақпараттық науқаны аясында"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)"КММ 5-6 сынып оқушыларымен бір-біріне құрметпен қараудың, қолдау көрсетудің және мейірімділік көрсетудің маңыздылығы туралы айтылды. Балалар әр адамның ерекше және құрметке лайық екенін білді. Сондай-ақ, балалық шақты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктен қорғаудың неліктен маңызды екендігі және қауіпсіз ортаны құруға әркім қалай үлес қоса алатындығы талқыланды. Біз бірге әр бала өзін қауіпсіз сезінетін әлем құрамыз!