back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының басым салаларының бірі. Қазақстан халқының 38 пайызы немесе 7,6 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде тұрады.
26-03-2025 09:34
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының басым салаларының бірі. Қазақстан халқының 38 пайызы немесе 7,6 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде тұрады.
Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының басым салаларының бірі. Қазақстан халқының 38 пайызы немесе 7,6 миллионға жуық адам ауылдық жерлерде тұрады. Халықтың табысын арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру – мемлекет саясатының басым міндеттері. Осы орайда, Елбасының тікелей тапсырмасымен 2023 жылы қолға алынған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген азаматтардың жеке кәсібін ашып, дамытып, өңірінің дамуына үлес қосуына мүмкіндіктер ашып отыр. «Ауыл аманаты» – «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының бір бөлігі болып табылатын бірегей жоба.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы кәсіпкерлікті, әсіресе, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытуға жеңілдетілген несие беру арқылы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың тұрғындарын қолдауға бағытталған. Несиелер жылдық 2,5 пайызбен 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы саласындағы жобаларға 7 жылға дейін беріледі. Несиенің ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК-ке дейін, ал ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін – 8 мың АЕК-ке дейін.
2025 жылы жаңа шағын несиелер беруге және 8,1 мың жұмыс орнын ашуға 50 млрд теңге қарастырылған. Рәсімдердің ашықтығын, өтінімдерді өңдеуді біріздендіруді және деректердің егжей-тегжейлі мониторингін қамтамасыз ететін микрокредит берудің ақпараттық жүйесін енгізу жоспарлануда. Жүйе мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланады, бұл бағдарламаның тиімділігін арттырып, несиені ресімдеу мен алу үдерісін жеделдетеді.
Бағдарламаны жүзеге асыруға 2023-2024 жылдары республикалық бюджеттен 120 млрд. Бұл қаражат жалпы сомасы 107,9 млрд теңгеге 16,2 мыңнан астам шағын несие беруге мүмкіндік беріп, 17,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды.
 
Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері өңірлерде 540-тан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды, оның 537-сі 12,1 млрд теңге көлемінде қаржы алды.
 
Жалғасы сілтемеде: https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/962469?lang=ru
Новости