«Парниктік эффект және жаһандық жылыну»

Бүгін «Ұшқыр ой алаңы» жобасы мен «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығы аясында Н.Әбдіров атындағы ҚМУ (ЕҚМ) «Парниктік эффект және жаһандық жылыну» тақырыбында пікірталас өтті. Қатысушылар климаттың өзгеруінің себептерін, оның қоршаған ортаға және адамзатқа тигізетін салдарын, сондай-ақ осы жаһандық проблеманы шешудің ықтимал жолдарын талқылады.
Пікірталас белсенді және танымдық атмосферада өтті. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, көкейтесті сауалдарын қойып, климатқа кері әсерді азайтудың нақты шараларын ұсынды.