Бүгін «Конлллдл жаз» мектеп жанындағы лагерінде «Әр адамның жүрегінде мейірімділік» атты өте қызықты тренинг өтті.

Бүгін «Конлллдл жаз» мектеп жанындағы лагерінде «Әр адамның жүрегінде мейірімділік» атты өте қызықты тренинг өтті. Балалар мейірімді болу деген не екенін және басқаларға қамқорлық жасау қаншалықты маңызды екенін талқылады.
Тренинг барысында балалар эмпатияны дамытуға бағытталған шығармашылық тапсырма орындады. Достық, сыйластық, өзара көмек көрсетудің маңыздылығына ерекше көңіл бөлінді.
Қорытындылай келе, балалар өз өмірлеріндегі игі істерімен бөлісті.