
"Мектепке жол" акциясы
Жаңа 2025-2026 оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 2025 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында республикада "Мектепке жол" акциясы жарияланды.
Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсету. Акция кәсіпкерлерді, меценаттарды, мемлекеттік органдарды акцияны өткізуге көмек көрсетуге және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге шақырады.