
Құрметті ата-аналар!
Жаңа оқу жылы жақындап қалды. Біздің басты міндетіміз – балаларды мектепке дайындау. Қала мектептерінде «Балаларға білім беру» қорының қаражаты есебінен түрлі санаттағы балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстары басталды.
Бұл көмек атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардағы балаларға, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс минимумынан төмен отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ төтенше жағдайға тап болған және мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі.
Қаржы ата-аналардың карточкалық шотына аударылады, бұл оларға баласымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және басқа да қажетті заттарды өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді.
Биылғы жылы берілетін көмек мөлшері 46 228 теңгені құрайды.
Қаржылай және материалдық көмек көрсету ҚР Үкіметінің №64 Қаулысына сәйкес мемлекеттік қызмет болып табылады.
Осыған байланысты, мемлекеттік қызмет алу үшін ата-аналар мектептің кеңсесіне барып, мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды ұсыну арқылы өтініш беруі қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
Өтініш берушінің жеке куәлігі
Баланың туу туралы куәлігі
Некеге тұру/бұзу туралы куәлік
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама
Отбасының атаулы әлеуметтік көмек алатыны туралы анықтама
Күнкөріс минимумынан төмен табысы бар отбасы мүшелерінің табысы туралы анықтама
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты қорғаншылық, қамқоршылық, патронаттық тәрбие немесе қабылдаушы отбасына берілгені туралы құжаттар
Бұл мәліметтер тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
1 және 2-санаттағы көмек алушылар үшін ата-ана немесе заңды өкіл eGov порталы арқылы ("Әлеуметтік көмек" бөлімі – АӘК) өтініш береді.
Отбасының жан басына шаққандағы табысы күнкөріс минимумынан төмен екенін есептеу механизмі АӘК тағайындау тәртібімен ұқсас.
АӘК тағайындаудан бас тартылған жағдайда да отбасы табысы есептеліп, бұл деректер мектептің ҰББДҚ базасына автоматты түрде тіркеледі.
Санатты растау мерзімі – 15 күн.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты құжаттар мен өтініштер де мектепке тапсырылады.
Ата-аналар берілген қаржының мақсатты пайдаланылғанын растау үшін 15 күн ішінде сатып алынған заттардың чектерін, түбіртектерін және киімдердің фотосуреттерін мектепке ұсынуы қажет.
Мұндай бақылау жүйесі қаражаттың ашық әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Құрметті ата-аналар!
2025 жылғы 10 тамызда мектептер «Балаларға білім беру қорының» есебінен көмек алушылардың тізімін бекітеді.
Осыған байланысты, балаңыз оқитын мектепке барып, қажетті құжаттарды тапсырып немесе жаңартып, көмек алу үшін өтініш беруіңіз қажет.