2025 жылғы 26 қыркүйекте "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ( РО) "КММ-нде "2025-2026 оқу жылындағы білім беру процесінің ерекшеліктері" тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыста келесі мәселелер қаралды:
1. "Адал азамат" тәрбие бағдарламасын іске асыру.
2. Қорқытудың алдын алу үшін "Досболайық"бағдарламасын енгізу.
3. Білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу (полиция баяндамасы).
4. Баланың күн тәртібін және ЖІИ-ның алдын алу шараларын ұйымдастыру (медицина қызметкерінің сөзі).
5. Ақша жинауға тыйым салу туралы ескерту.
Ата-аналар мамандардың ұсынымдарын алып, мектеппен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді, сондай-ақ оларды қызықтырған сұрақтарын қойды.