2025 жылы 20 қазан күні 7 “А” сынып жетекшісі Офтина С.П. «Менің Республикам – Менің мақтанышым» тақырыбында викторина түрінде сынып сағатын өткізді.
Мақсаты: оқушылардың отансүйгіштік сезімін, Отанға деген сүйіспеншілігі мен құрметін, Қазақстан халықынын салт-дәстүрлеріне деген ықыласын тәрбиелеу.
Оқушылар мерекелерге, оқиғаларға, тарихи сәттерге байланысты сұрақтарға жауап берді. Қазақстан Республикасының картасынан облыстарды белгіледі. Викторина сайыс түрінде, достық атмосферада өтті.