"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)" КММ базасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысын жалғастыруда және 1-сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында балалардың жаңа жағдайларға бейімделу ерекшеліктері, оқуға деген оң уәждемені қалыптастырудың маңыздылығы және баланың эмоционалды әл-ауқатын сақтаудағы отбасының рөлі талқыланды. Ата-аналарға үйде қолайлы психологиялық климат құру және мектеп мұғалімдерімен ынтымақтастық орнату бойынша практикалық ұсыныстар берілді.