Мектебімізде «Болашақ мамандықтары» атты шығармашылық байқау өтті ????????????????
Іс-шара Smart Bala жобасы және бірыңғай тәрбие бағдарламасы «Адал азамат» аясында ұйымдастырылды.
Оқушылар түлектердің жұмыстарымен танысып қана қоймай, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын мамандықтар туралы білді, ең бастысы — өз идеяларын ұсынып, қорғап шықты: виртуалды шындық дизайнерлерінен бастап метағалам инженерлеріне, экологиялық зиянды азайтатын мамандарға дейін ????✨
Мұндай байқаулар оқушыларға:
болашақ мамандығын саналы таңдауға,
креативтілігін және көпшілік алдында сөйлеу дағдысын дамытуға,
цифрлық мамандықтар тек ІТ емес, қоғамға пайда әкелетін сала екенін түсінуге мүмкіндік береді.