back-image
"Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)” КММ
2026 жылдың 15 қаңтарында "Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ "Заң және тәртіп" айлығы аясында білім алушылардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуі және "Жасөспірім"жедел-алдын алу іс-шарасының басталуы өтті.
15-01-2026 14:16
2026 жылдың 15 қаңтарында

2026 жылдың 15 қаңтарында "Нұркен Әбдіров атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық)" КММ "Заң және тәртіп" айлығы аясында білім алушылардың құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесуі және "Жасөспірім"жедел-алдын алу іс-шарасының басталуы өтті.
Іс—шараға Абай ауданының ҚҚБ ПБ учаскелік полиция инспекторлары- полиция капитаны Д. С. Амангедиев және полиция капитаны А. Тастенұлы қатысты.
Кездесу барысында білім алушыларға 2026 жылғы 15-17 қаңтар аралығында өткізілетін "Жасөспірім" ЖКМ мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қараусыздықтың алдын алу және жасөспірімдердің заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Учаскелік полиция инспекторлары кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі, қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығы, сондай-ақ қоғамдық орындарда және интернет желісінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Новости