21 қаңтарда 3-сыныпта "Сенім — отбасылық үйлесімділіктің кілті" тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Кездесу барысында ата-аналармен сенім деген не, балалар ересектерге қалай сенеді және балаларына сенуді үйрену қаншалықты маңызды екенін талқыладық.
Отбасындағы өзара түсіністік пен ашық қарым-қатынас мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әр ата-ананың өз пікірін айтуға және жеке тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндігі болды.
Талқылау жылы және мейірімді атмосферада өтті.
Жиналыстың практикалық бөлігі барлық қатысушылардың қызығушылығын тудырған мастер-класс болды.
Балауыздан ата-аналар өз қолдарымен отбасының жылуы мен бірлігінің белгісі ретінде символдық шам жасады.
Кездесу соңында сенім баланың ішкі әлеміне назар аудару, қолдау және шынайы қызығушылық арқылы қалыптасады деген қорытындыға келдік.