Құқықтық ақпараттандыру
«Заң менен басталады»
Заң — бұл абстрактілі ережелер жиынтығы емес, ол біздің күнделікті өміріміздің негізі. Әрқайсымыз күн сайын қоғамдағы тәртіпке, қауіпсіздік пен әділдікке әсер ететін шешімдер қабылдаймыз. Сондықтан өз құқықтарымызды, міндеттерімізді және жауапкершілігімізді білу өте маңызды.
«Заң менен басталады» құқықтық ақпараттандыру аясында «Нұркен Әбдіров атындағы ТМ (РО)» КММ оқушылары арасында азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жадынамалар мен ақпараттық материалдар таратылады.
Жадынамаларда қарапайым әрі түсінікті тілмен мыналар түсіндіріледі:
• азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері;
• заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік;
• құқықтық жағдайларда қалай әрекет ету керек (жанжалдар, өтініштер, құқықтарды қорғау);
• құқықтық көмек алу үшін қайда жүгіну қажет.
Біз заңды білу әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатынына сенеміз.
Заңды сақтай отырып — біз өзімізді, жақындарымызды және қоғамның болашағын қорғаймыз.
Заң меннен басталады — өзіңнен баста!