Математикалық сауаттылық апталығы аясында дене шынықтыру мұғалімдері " Логикалық және математикалық ойындар " — дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ ұйымдастырды.
Математикалық сауаттылық апталығы аясында дене шынықтыру мұғалімдері " Логикалық және математикалық ойындар " — дойбы, шахмат және тоғызқұмалақ ұйымдастырды. Оқушылар логикалық ойлауды, стратегиялық жоспарлауды және салмақты шешім қабылдау қабілетін дамыта отырып, ойындарға белсенді қатысты. Өткізілген іс-шаралар логикалық ойындар білім алушылардың математикалық сауаттылығын және зияткерлік дамуын қалыптастырудың тиімді тәсілі болып табылатынын көрсетті.