back-image
"Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қасым Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Сабақтарды тоқтату туралы
05-12-2022 14:31
Сабақтарды тоқтату туралы
Құрметті ата- аналар  Сіздердің назарларыңызға тағы да хабарлаймыз! 
Қарағанды облысының Білім басқармасы мен ТЖ Департаментінің қолайсыз ауа райы метеожағдайларында білім беру ұйымдарында  сабақтарды тоқтату қағидалары негізінде, Абай ауданының мектептерінде ауа райы жағдайлары бойынша сабақтардың болмауы туралы ақпарат бірінші ауысым үшін – сағат 06.45. - 08.00. дейін және екінші ауысым үшін – сағат 11.15 – 13.00. дейін жарияланады:
1. Telegram арнасы t.me/AbaiRaiOO (AbaiRaiOO)
2. Абай ауданы білім бөлімінің Facebook және Instagram ресми парақшаларында.
 
Мектептердегі сабақтар келесі жағдайларда тоқтатылады:
- 0-4 сыныптарда - 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел кезінде -25 градус* және одан төмен;
0-9 сыныптарда - 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел кезінде -30 градус* және одан төмен;
- 0-11  сыныптарда, кәсіптік лицейлерде, колледждерде (1-2 курс оқушылары үшін) - 2 м/с және одан жоғары жылдамдықпен жел соққан кезде -35 градус* және одан төмен;
       Сонымен қатар, ата-аналар ауа-райы жағдайын (желдің болуы, жердің тайғақтығы) ескере отырып, баланың мектепке баруы туралы өз бетінше шешім қабылдай алады. Ата-ана қабылдаған шешімі туралы сынып жетекшісіне ескертуі қажет, Бұл жағдайда білім алушыға сабақты босатылғандығы туралы белгі қойылмайды. Сабақ тоқтатылған күндері мектептердегі оқу процесі жүргізіле береді: мектепке келген оқушылармен жеке сабақтар, өтілген материалды қайталау және бекіту өткізіледі.
Новости