✅16 қазаннан бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллинг құрбандары «111 – AMANAT» бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығына тәулік бойы хабарласа алады. Бұл туралы бүгін @primeministerkz ресми телеграмм каналында хабарлады.
????Қалалық нөмірлер мен ұялы байланыс операторлары үшін қоңырау шалу тегін.
????Азаматтарға қажетті көмек мәтіндік диалог арқылы да көрсетілетін болады.
????Қиын жағдайға тап болған қазақстандықтарға көмек көрсету үшін білікті психологтар мен заңгерлер тартылды.
????Бірыңғай сенім телефоны мемлекеттік шұғыл қызметтер тізбесіндегі 101, 102, 103 және т.б. нөмірлердің қатарына енгізіледі. Бұл азаматтарға құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу арқылы жедел түрде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Бірыңғай сенім телефоны