Мектеп оқушылары арасында көшпелі қазақ халқының бірнеше ғасырлар бойы қаймағы бұзылмастан жалғасып келе жатқан ұлттық ойындарының бірі - Бестас ойыны ойнатылды.
Бестас (шекемтас) — көбiне қыздар ойнайтын ұлттық ойын. Ол ушін домалақ, ұстауга ыңғайлы бес тас, отырып ойнауга ыңғайлы тегіс жер керек. Ойын бірнеше сатыдан тұрады. 1 — «Бірлік». Ойыншы бес тасты жерге .шашады. Таңдап алынған қақпа тасты бip қолымен аспангалақтырады да, жердегі бipeyiн көтеріп қайта тосып алады. қалғандарын осылай бір-бірлеп кетереді. 2 — «Екілік». Бұл жолы екі тастан көтереді. 3 — «Үштiк». Үш тасты 6ipre 6ip рет, жеке тасты екінші рет жерден көтереді. 4 — «Төрттік». Төрт тасты бірге көтеру керек. 5 — «Алақан». Төрт тасты бір-бірлеп алақанға жинайды. 6 — «Төртбұрыш». Төрт тасты төрт жерге төртбұрыш жасап қойып, оларды тез жинап алады. 7 — «Арттан тастау». Бірліктегідей 6ip тасты жерден көтеріп алады.Қақпа тасты лақтырып, екіншісіне көтергенше, алғашқысын қолдың артынан жерге тастайды. Осылай бәрін тастан болғаннан кейін оларды түгел 6ipгe көтеру керек. Ойынның басқа да сатылары бар. Бестас, көбіне, 6ip қолмен ойналады. Тастарды түсіріп алған немесе шартты орындай алмаған ойыншы келген сатысында тоқтайды . Ойынды келесі кезектегі ойыншы жалғастырады. Ойын сатылары әр жерде әр турлі боауы мүмкін. Сатылар санына шек қойылмайды.