2024 жылдың 15 наурызында Қасым Аманжолов атындағы мектепте "Салауатты өмір салты: нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналар алдында Абай Қ. ОБ дәрігерлері Ю. А. Абдрахманова сөз сөйледі . психолог Н.А. Разова және Абай ауданы ПБ ювеналды полиция тобының аға инспекторы О. В. Калашиди есірткіге тәуелділік , есірткіні қолдану кезіндегі психологиялық мінез-құлық , есірткіні қолданғаны және таратқаны үшін шаралар мен жазалар туралы айтып берді. Сондай-ақ, Калашиди О. В.ата-аналарға заңды өкілдерсіз 23.00-ден кейін кәмелетке толмағандардың үйден тыс жерде болғаны үшін әкімшілік жауапкершілік пен жазалау шаралары туралы түсіндірді.
"Салауатты өмір салты: нашақорлықтың алдын алу" тақырыбында жалпы мектептік ата-аналар жиналысы