2024 жылдың 24 мамырында тәрбие сағатының Тұжырымдамасына сәйкес «Қасым Аманжолов атындағы ЖББМ» мектебінде сынып сағаты сағат 9-да Қазақстан Республикасының Әнұранының орындалуымен басталып, Қазақстан Республикасы Білім Министрінің барлық оқушыларды құттықтау сөзімен жалғасты. Әр сыныпта сынып өміріне белсене араласқан, зияткерлік олимпиадаларда, спорттық ойындарда, шығармашылық сайыстарда ерекше көзге түскен мектеп оқушыларының жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді. Жалпыреспубликалық бірыңғай тәрбие сағатының тақырыбы: «Білімім – Отаныма!» Мақсаты: балаларды ұстаздарды құрметтеуге, білім ұясына қамқор болуға, білім алуға құштар болуға, жыл бойы алған білімінің нәтижесін қорытындылай білуге тәрбиелеу. «Мен. Мектеп. Ұстаз» тақырыбы бойынша 9,11 сынып оқушылары эссе жазды. Мақсаты: Ұстаз бен шәкірт арасындағы байланыс, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білу, білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.
Сынып сағаты